Милан–Кортина 2026 қысқы Олимпиадасындағы мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыстар аяқталды. Қазақстандық Софья Самоделкина бәсеке барысында бірден екі жеке рекордын жаңартып, жалпы есепте 10-орын иеленді.
Софья қысқа бағдарламада жеке үздік көрсеткішін тіркеді (68,47 ұпай). Қысқа және еркін бағдарламаның қосындысында жаңа рекорд орнатты (207,46 ұпай). Осы нәтижелер оған Олимпиадада 10-орын алуға мүмкіндік берді.
Самоделкина еркін бағдарламасын поп-жұлдыз Николь Шерзингердің Sunset Boulevard атты трегіне орындаған. Осы эпизод әлеуметтік желіде кең талқыланып, әншінің өзіне дейін жетті.
Николь Шерзингер Instagram парақшасында қазақстандық спортшының өнер көрсетуінен үзінді жариялап, жазбасында Софьяға ризашылығын білдірген.
Ал Самоделкина пікірде эмоциясын жасыра алмай, әншіге алғыс айтып, музыкасын жақсы көретінін жеткізген.