ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Абдукодир Хусанов әке атанды (ФОТО)

Жұлдыз футболшының шаңырағында ұл бала дүниеге келді. 

Абдукодир Хусанов әке атанды (ФОТО)
Offside.kz

Англиялық "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы әрі Өзбекстан құрамасының ойыншысы Абдукодир Хусановтың отбасында үлкен қуаныш. Жұлдыз футболшы жуырда әке атанды.

Белгілі болғандай, Хусановтың шаңырағында ұл бала дүниеге келген. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде жарияланып, жанкүйерлер арасында кеңінен тарады.

Желіде тараған суреттердің бірінде футболшы "Манчестер Сити" формасында жаңа туған сәбиін құшағына алып тұрғаны көрінеді.

Желідегі жазбалар

Өз кезегінде өзбекстандық жанкүйерлер мен "Манчестер Сити" клубының фанаттары әлеуметтік желілерде футболшыны құттықтап жатыр. Көпшілік жаңа туған сәбиге денсаулық пен жарқын болашақ тілеп, әкесінің жолын жалғастырады деген сенім білдіруде.

Бұл туралы не ойлайсыз?