ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

250 мың теңгенің түскі асы. Еркебұлан Тоқтардың түрі бұзылып кетті

Шетелде демалып жүрген актер қымбат чекке қатысты пікір білдірді.

250 мың теңгенің түскі асы. Еркебұлан Тоқтардың түрі бұзылып кетті
Sportinside.kz

Қазақстандық актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар шетелдегі демалысы кезінде түскі асқа төлеген қомақты қаражатымен әлеуметтік желіде бөлісіп, көптің назарын аударды.

Түскі асқа 522 доллар

Тропикалық елдердің бірінде демалып жүрген Еркебұлан Тоқтар мейрамханада түскі асқа 522 доллар (шамамен 250 мың теңге) жұмсаған.

Скриншот

Оның айтуынша, тапсырыс құрамында екі краб, бір үлкен креветка және бір десерт болған. 

"Мынаны қара. 522 доллар. Түр бермейсің ғой, күнде төлеп жүрген адам сияқты. Екі краб алдым. Бір үлкен креветка және бір десерт. Бағасы 250 мың теңге болды. «Өмірге бір мәрте келеміз. Осылай отырмағанда, енді қалай отырасың? Не үшін жұмыс істеп жүрмін деп өз-өзімді жұбатып қоямын", - деді Еркебұлан Тоқтар. 

Еркебұлан Тоқтар кешке бір қызбен кездесуге барғанын және ол қызбен ағылшын тілінде сөйлесіп отырғанын жариялады. "Жеңешелерің" деп бір қыздың фотосын салғанымен, бетін көлегейлеп көрсетпеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.