Қуат Хамитов елді шулатты: жаңа образын көрген жұрт Сәбина Алтынбекованы еске алды (ВИДЕО)
Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов өзінің жаңа шаш үлгісін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды.
Жаңа шаш үлгісі желіде қызу талқыланды
Әлеуметтік желідегі juldyzdar_news парақшасында танымал спортшының жаңа образын көрсеткен видеосы жарияланды. Хамитовтың өзі бұл үлгіні әзіл аралас түрде қытай немесе жапон стиліне ұқсатқанын айтты.
Спортшы видеоүндеуінде жаңа шаш қию үлгісіне қатысты ойын жасырмады.
“Жалпы, жігіттер, бәріне сәлем! Тайландтан Арменияға осы шоудың жүргізушісі ретінде ұшып келдім. Шаштаразға кіріп едім, шашымды осылай қиып тастады. Бұл “қытай стилі” ме, әлде не өзі? “Жапонский” ма? Қысқасы, мені осылай қырып тастады”, — деді Қуат Хамитов.
Желі қолданушыларының пікірі қандай болды?
Желі қолданушылары спортшының жаңа шаш үлгісін бірден қызу талқыға салды. Көпшілік оның образын қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекованың стилімен салыстырған.
Видеоға түсініктеме берген дереккөзде:
“Спортшы Қуат Хамитов әлеуметтік желіде сәтсіз шаш үлгісін көрсетті. Кадрларды көрген қолданушылар оның шашын волейболшы Сәбина Алтынбекованың образына ұқсатты”, — делінген.
Ереванда қандай шараға барған?
Айта кетейік, 27 наурыз күні Ереванда Hype FC турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нурланбек уулымен кездесті.
Бұл кеште Қуат Хамитов жекпе-жекке қатысушы емес, турнир жүргізушісі ретінде бой көрсетті.