"Жаныңыз жәннатта болсын": Ризабек Айтмұқан қара жамылды (ВИДЕО)
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан отбасында орын алған қайғылы жағдай туралы мәлімдеді.
Әлеуметтік желідегі жазба
Спортшының айтуынша, атасы Айтмұқан дүниеден өткен. Ризабек бұл ауыр қазаға байланысты жүрекжарды жазба жариялап, жақын адамына деген сағынышы мен құрметін жеткізді.
"Бүгін мен үшін өте ауыр күн… Қанатымнан айырылдым. Айтмұқан атам өмірден өтті. Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандап едім, Ата… Бірақ үлгермедім. Баршаңызды жақындарыңызды бағалауға шақырамын. Олармен өткізген әр сәт – баға жетпес бақыт. Ата, мен сізді қатты жақсы көремін. Жаныңыз жәннатта болсын", – деп жазды спортшы.
Ризабектің жетістіктері
Ризабек Айтмұқан – Қазақстанның еркін күресінен халықаралық деңгейде танылған жас спортшысы. Ол 2004 жылы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген.
Бала кезінен спортқа бейім болған еркін күреспен ерте жастан айналысып, қысқа уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Оның бапкері – тәжірибелі маман Қанат Жолдасбаев.
- 2023 жылы 18 жасында Қазақстан чемпионы атанд
- Сол жылы Белградта өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- Азия чемпионаттарында бірнеше мәрте күміс жүлдегер болды
- 2024 жылы U20 және U23 санаттарында әлем чемпионы атанды
- 2025 жылы Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлде иеленді
