"Отандық телеарналар қайда қарап отыр?" Шерхан Қалмырзаның анасы жанайқайын жеткізді

Сарапшы, спорт журналисі

Еуро-2026 турнирінің элиталық іріктеу кезеңінде Қазақстан Украинадан жеңілген еді.

"Отандық телеарналар қайда қарап отыр?" Шерхан Қалмырзаның анасы жанайқайын жеткізді
instagram/@kallmurza

Қалмырзаның әрекеті матч тағдырын шешті

Қазақстан құрамасының қақпашысы Шерхан Қалмырза 30-минутта айып алаң сыртында шабуылшыны тоқтатамын деп, тікелей қызыл қағаз алған. Осы шешімнен кейін қазақстандық жасөспірімдер матчты он ойыншымен аяқтауға мәжбүр болды.

Сан басымдығын пайдаланған Украина матчты 3:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан U-19 құрамасы элиталық іріктеу кезеңіндегі маңызды ойында ұпайсыз қалды.

Матчтан кейінгі наразылық

Ойын аяқталған соң Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева пікір білдіріп, төрешінің шешіміне күмән келтірді.

Оның айтуынша мұндай деңгейдегі халықаралық матчтарды отандық телеарналар тікелей эфирде көрсетуі керек. Себебі даулы сәттер туындаған кезде бейнеқайталау арқылы эпизодтың қаншалықты әділ бағаланғанын нақты көруге мүмкіндік болар еді.

Сәуле Рабаева төрешінің шешімі матчтың нәтижесіне тікелей әсер еткенін алға тартты. Оның сөзінше, егер ойын көрсетілсе, жанкүйерлер де, мамандар да қақпашының ереже бұзған-бұзбағанын анық бағамдай алар еді.