Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйренуге кірісті

Сарапшы, спорт журналисі

Бұған дейін қазақстандық шахматшы журналистердің сұрағына қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан еді.

Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйренуге кірісті
BAQ.KZ

Қазақстанның танымал шахматшысы, үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйренуді бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында бөлісті.

Шахматшының айтуынша, ол жаңа оқытушымен алғашқы сабаққа баруды жоспарлап отыр.

"Ертең жаңа мұғаліммен қазақ тілінен алғашқы сабағым болады. Сонымен қатар ағылшын тілінен де ұстаз таптым", – деді Асаубаева.

Бұрынғы жағдай және сын

Айта кетейік, 2025 жылдың маусым айында Бибісара Асаубаева журналистердің сұрағына қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан еді. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, сынға ұшыраған болатын.

Кейін шахматшы бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, қазақ тілін үйренуге уәде берген.

Спортшының анасы Лиана Танжарикова да арнайы үндеу жасап, қызының тіл үйреніп жатқанын айтқан. Оның сөзінше, Бибісара орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, ал қазақ тілін де жүйелі түрде оқып жатыр.