Еркебұлан Тоқтар бала күнгі арманын орындады (ВИДЕО)
Танымал актер әрі поп-ММА өкілі жасөспірім кезінен бері қалаған көлігін сатып алып, қуанышын әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісті.
Гештальт жабылды
Еркебұлан Тоқтар BMW T34 маркалы автокөлік алғанын парақшасында жариялап, жазбасына “-1 гештальт” деп белгі қалдырған. Бұл арқылы актер бала күнгі бір мақсаты орындалғанын меңзеген.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері актерді жаңа көлігімен құттықтап, жылы лебіздерін жазып жатыр. Көпшілік Еркебұланның қуанышына ортақтасып, оның еңбегіне лайық сый екенін атап өткен.
Бота Миамен арақатынасы
Айта кетейік, бұған дейін көпшілікке Бота Миа есімімен танымал блогер Еркебұлан Тоқтармен арақатынасына қатысты пікір білдірген еді. Ол актермен тек жұмыс аясында байланыста екенін айтып, бұрын бірге түсірілген видеолардың жарнамалық мақсатта жасалғанын түсіндірген.
Сұхбат барысында жүргізуші блогерден Еркебұлан Тоқтардың өз талғамындағы жігіт екенін сұраған. Бота Миа актердің бойында өзіне ұнайтын қасиеттер бар екенін жасырмай айтқан.