Өзбекстанның үздік спортшысын АҚШ-та тонап кетті

Бокс шолушысы

Камилла Рахимованың бағалы заттары Майами әуежайында жоғалған. 

Өзбекстанның үздік спортшысын АҚШ-та тонап кетті
Sportbox.ru

Өзбекстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 76-орында тұрған Камилла Рахимова АҚШ-та күтпеген жағдайға тап болды. Майами әуежайында теннисшінің бағалы заттарын бәз біреулер ұрлап кеткен.  

Оқиға қалай болды?

Спортшының айтуынша, жағымсыз жағдай Остиндегі турнир алдында болған. Белгісіз біреулер жүк сақтау аймағындағы чемоданын ашып, біраз дүниесін қолды қылған.

"Жаңа көзілдірік сатып алдым, себебі бәрін Майамиде ұрлап кетті. Сол кезде Остинге ұшып бара жатқан едім. Chanel сөмкем мен Fendi, Miu Miu және Tom Ford көзілдіріктерім жоғалды. Барлығы әуежайда болды", – деді Рахимова What The Vlog YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Камилла Рахимова 2025 жылдың соңында спорттық азаматтығын өзгертіп, Өзбекстан атынан өнер көрсете бастады. Ол бұл шешімді мансабын дамыту және анасының тарихи отанымен байланыстыру мақсатында қабылдағанын айтты.