ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатыр

Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатыр
Әлеуметтік желілерден алынды

Елеусінов бұған дейін алкогольге тәуелді болғанын ашық айтқан еді. Боксшының бұл мәлімдемесі мас күйінде көлік жүргізуге байланысты жанжалдан кейін жасалған.

Кешенді ем қабылдауда

Елеусінов Instagram парақшасында қазіргі уақытта ем қабылдап жатқанын хабарлады.

"Ассалаумағалейкум! Мен ем қабылдауды бастадым. Бұл тек тамыр арқылы дәрі қабылдау емес, жалпы кешенді ем. Менде бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Сондықтан қатты айтылған сөздерге немесе біреуді ренжітіп қойғаныма назар аудармаңыздар. Менің жаман әдетім – тікелей эфирге шығу болатын. Осы мәселеден арылуға үміттенемін. Жақында қатарға қосыламын. Көңілді әрі бақытты Данияр қайтадан оралады" – деді боксшы.

Рингке оралғысы келеді

Данияр Елеусінов бұған дейін кәсіби рингке қайта оралғысы келетінін айтқан. Алайда оның Еркебұлан Тоқтарға қатысты соңғы жанжалы қоғамда қызу талқыланған еді.

Олимпиада чемпионы әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде Тоқтарды "хайпқұмар" деп атаған. Осыдан кейін боксшының әрекеті көпшіліктің назарын аударды.

Бұл туралы не ойлайсыз?