Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

грек-рим күресі

Бұл бетте грек-рим күресінен әлем және Азия чемпионаттары, жастар мен жасөспірімдер біріншіліктері, Түркия, Испания, Моңғолия мен Будапештте өткен халықаралық және рейтингтік турнирлердің қорытындысы жинақталған.
Жекпе-жек

Исхар Құрбаев — Азия чемпионы!

Бұл — Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы алтын медалі.

Жекпе-жек

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан грек-рим күресі құрамасында кадрлық өзгеріс болды. 

Жаңалықтар

Қазақстан әйелдер күресі бойынша әлемде көш бастап тұр

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Халықаралық күрес федерациясының (UWW) ресми сайты әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Онда Қазақстанның жетекші балуаны Жәмиля Бақбергенова өз позициясын сақтап қалды.

Жекпе-жек

Қазақстан кубогы – 2025: Классик балуандар арасында кімдер "алтын" иеленді?

Астанада 24–30 мамыр аралығында өткен күрестің үш түрінен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Бұған дейін еркін күрес пен әйелдер арасында іріктеу турнирлері өтсе, соңғы күндері грек-рим күресі шеберлерінің жарысы өтті.

Жекпе-жек

Астанадағы күрес шоуы: Қазақстан Кубогында кімдер чемпион атанды

Астанада Қазақстан Кубогының шеңберінде грек-рим күрес шеберлері бес салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтады. 

Жекпе-жек

Азия чемпионы Астанада сенсациялық жеңіліске ұшырады

2025 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің басты фавориті саналатын Ибрагим Магомадов күтпеген жерден жарыстан шығып қалды.

Жекпе-жек

Қазақстан кубогы – 2025: Астанада Азия және әлем чемпионы бетпе-бет келді (ВИДЕО)

87 келі салмақтағы басты жекпе-жек: жас буын ба, әлде тәжірибе ме? Ислам Евлоев пен Нұрсұлтан Тұрсынов арасындағы жартылай финал жолдамасы үшін өткен айқас жанкүйерлер есінде қалары анық.

Жекпе-жек

Қазақстан Кубогы: Финалға шыққан "классиктер" белгілі. Сіздің өңірден кім бар? (ФОТО)

Бүгін Астанада үш күнге созылатын Қазақстан кубогының грек-рим күресі бойынша кезеңі басталды.

Жекпе-жек

Қазақстан Кубогы: мыңға жуық балуан бозкілемге шығады

Бұл жарыс алдағы әлем чемпионаттарына жолдама беретін шешуші дода болмақ.

Жекпе-жек

Азия чемпионаты: Бүгін әйелдер күресінен бес қазақстандық балуан бозкілемге шығады

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында 28 наурызда әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бес спортшысы жарысқа қатысады.

Жекпе-жек

Бес балуан, нөл медаль: Қазақстан қыздары Азия чемпионатында неге сүрінді? (ВИДЕО)

Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының бес балуаны бозкілемге шықты. Өкінішке қарай ешқайсысы жүлделі орынға жете алмады.

Жекпе-жек

Азия чемпионаты: Қазақстан грек-рим күрес шеберлері нешінші орын алды?

Иордания астанасы Амман қаласында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтижемен қуанта алмады. Жерлестеріміз небәрі төрт медальмен шектеліп, командалық есепте тек төртінші орынға табан тіреді.

Жекпе-жек

Иран Қазақстанның "алтынға" деген үмітін үзді

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық балуан Омар Сатаев алтын медаль үшін белдесуде қарсыласына жол берді. 

Жекпе-жек

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы да сәтсіздікке ұшырады

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы грек-рим күресінен тағы да ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл — бір күн ішінде тіркелген қатарынан төртінші сәтсіз нәтиже.

Жекпе-жек

Әлімхан Сыздықовқа "алтын" бұйырмады

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан грек-рим күресі құрамасының балуаны Әлімхан Сыздықов күміс жүлдегер атанды. 

Жекпе-жек

Шамиль Ожаев Қазақстанға екінші медаль алып келді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шамиль Ожаев Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алып, ел қоржынына екінші медаль салды. 

Жекпе-жек

Азия чемпионатындағы алғашқы жүлде – Ибрагим Магомадов қола медаль иеленді (ВИДЕО)

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

Жекпе-жек

Әлімхан Сыздықов 3-рет Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Амманда (Иордания) грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

Жекпе-жек

Азия чемпионаты: Үш қазақ балуаны грек-рим күресінен финал жолдамасына таласады (ВИДЕО)

Амманда (Иордания) өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының үш балуаны жартылай финалға жолдама алды. 

Жекпе-жек

8 жылдық қызмет аяқталды: Тұрлыханов орнын босатты

Азия күресіндегі басты орын Иорданияға өтті.