Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

8 жылдық қызмет аяқталды: Тұрлыханов орнын босатты

Редактор Penalty.kz
25.03.2025, 10:20

Азия күресіндегі басты орын Иорданияға өтті. 

Vesti.kz
Vesti.kz

ҚР Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Asia) президенті қызметінен кетті. Бұл туралы спорт журналисі Назерке Сұлтанбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«2017 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында Дәулет аға президент болып сайланғанда өзім сол жерде болып, барлық қазақ қуанып, құттықтағанымыз есімде. Тіпті, аз уақыт Азия күрес федерациясында жұмыс істегенім де бар. Осы жеңіс біз үшін отандық күрестегі бір өзгеріске, серпіліске үміт сыйлағандай болған еді. Одан бері Дәулет Тұрлыханов екі мерзім (8 жыл) осы қызметті атқарды. Бүгін Аммандағы (Иордания) Азия чемпионаты басталарда Бас ассамблея өтіп, жаңа президент сайланды» – деді Назерке Сұлтанбек. 

Дәулет Тұрлыханов Фото: t.me/nazerketraveller

«Иорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала 38 елден рекордтық 34 дауысқа ие болып, 2028 жылға дейін осы орынға жайғасты. Әл-Ауамала туралы көп дерек жоқ, тек Иордания күрес федерациясының президенті екені белгілі», – деді журналист. 

Айта кетейік, даңқты спортшы Дәулет Тұрлыханов – Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты қызметін де атқарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір