Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

WBO/IBF Жәнібек Әлімханұлына ресейлік боксшыны үлгі етуді ұсынды

Редактор Penalty.kz
25.03.2025, 11:27

Әлемге әйгілі The Ring журналы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының беделі мен нарықтағы құнын арттырудың нақты жолын ұсынды. Басылым пікірінше, қазақстандық боксшы бұл мақсатқа тек мықты қарсыласты айқын жеңу арқылы жете алады.

newtimes.kz
newtimes.kz

The Ring Жәнібекке үлгі ретінде бірінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Бахрам Муртазалиевті келтіреді. Ол 2023 жылы Германияда Джек Кулькаймен ауыр жекпе-жекте жеңіске жетіп, кейін жарақатына қарамастан, атышулы Тим Цзюді сенсациялық түрде ұтып, әлем назарын өзіне аударған болатын.

Жәнібек пен Бахрамның ортақ тұстары бар: екеуі де АҚШ-тың Калифорния штатында тұрады және менеджері — белгілі Эгис Климас. Осы себепті, The Ring сарапшыларының пайымдауынша, Жәнібек дәл осы Муртазалиевтің жолын ұстанып, мансабын жаңа деңгейге көтере алады.

5 сәуір күні Астанада “қазақ стилі” франциялық Анауэль Нгамиссенгемен рингке шығады. Бұл жекпе-жекте Нгамиссенге анық андердог саналып отыр. Бірақ The Ring сарапшылары бұл кездесуді Жәнібек үшін бетбұрыс сәт ретінде қарастырып, мықты қарсыластармен айқын әрі сенімді жеңістер қажет екенін айтады.

“Жәнібекке деген көзқарас өзгеруі мүмкін, егер Нгамиссенге немесе келесі қарсыласы нағыз бәсекелес бола алса. Муртазалиев сынды чемпиондардан шабыт алып, Әлімханұлы да мансап жолында айқын қадамдар жасауы қажет”, — деп жазады басылым.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір