Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Янник Синнер

Jannik Sinner латынша

Янник Синнер — италиялық теннисші, ATP рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанған алғашқы итальяндық, 2024 жылды бірінші орында аяқтады. «Үлкен дулыға» турнирлерінде бес рет жеңген: Австралия ашық чемпионаты (2024, 2025), АҚШ ашық чемпионаты (2024), Уимблдон (2025, 2026). ATP қорытынды турнирінің (2024, 2025) және Италия құрамасымен Дэвис кубогының (2023, 2024) жеңімпазы.

Спорт түрі
Теннис
Туған күні
16.08.2001
Туған жері
Италия, Сан-Кандидо
«Үлкен дулыға»
Австралия ашық чемпионаты (2024, 2025), АҚШ ашық чемпионаты (2024), Уимблдон (2025, 2026)
Әлем рейтингі
№1, 2024 жыл қорытындысы бойынша
ATP қорытынды турнирі
Жеңімпаз, 2024, 2025
Дэвис кубогы
Италия құрамасымен, 2023, 2024

Анықтама Уикипедия бойынша: Jannik Sinner, Синнер, Янник

Теннис

Әлемнің бірінші теннисшісі күтпеген мәлімдеме жасады

Янник Синнер бұрын допинг дауына іліккен жаттықтырушысы Умберто Феррараны командасына қайта қосты.

Теннис

Әлемнің №1 ракеткасы тарихи финалда Алькарасқа есе қайтарды

Италиялық теннисші Янник Синнер өз мансабында алғаш рет Уимблдон турнирін жеңіп алды. Ол финалда испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы кортқа шығып, төрт сет нәтижесімен басым түсті — 4:6, 6:4, 6:4, 6:4, 

Теннис

Уимблдондағы сәт. Әлемнің бірінші ракеткасы жарақат алған қарсыласын мазақтады ма? (ФОТО)

Италиялық теннисші Янник Синнер Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. Алайда оның бұл жетістігі көрермендер мен жанкүйерлер арасында дау туғызды. Себебі ол қарсыласы Григор Димитровтың жарақат алған сәтінде күліп тұрған.

Теннис

Сенсация: Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын тізе бүктірді (ВИДЕО)

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді сенсациялық түрде жеңіп шықты.

Теннис

"Ролан Гаррос" финалында керемет камбэк жасалды (ВИДЕО)

Синнерді 0:2 есебінен қайырған Алькарас "Үлкен дулығада" бесінші рет топ жарды. 

Теннис

Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирінде әлемнің бірінші ракеткасымен күш сынасты (ВИДЕО)

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франициядағы "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалында жарыстан шығып қалды. Оның қарсыласы әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі, италиялық Янник Синнер болды.

Теннис

Ұшты, ұшты, Бублик ұшты... Отандасымыз ТОП-50-ге жақындады

Қазақстан теннисінің көшбасшысы ATP-дің жаңартылған рейтингінде бірден 25 сатыға жоғарылады. 

Теннис

Александр Бублик: "Спортта айқындық жоқ"

Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнердің допингке байланысты үш айға шеттетілуіне қатысты өз ойын білдірді.

Теннис

Әлемнің бірінші ракеткасы спорттан шеттетілді

Италиялық теннисші Янник Синнер, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) келісімге келгеннен кейін үш айлық жарыстардан шеттетілуге келісті. 

Теннис

WADA Янник Синнерді допинг үшін дисквалификацияламақ

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық теннисші Янник Синнерді спорттан шеттетуді талап етуде.

Теннис

Әлемнің үздік теннисшісі тағы бір рекордты жаңартты

Италиялық теннисші Янник Синнер ATP рейтингінде 36 апта бойы көш бастап келеді. 

Теннис

Қазақстандық жас талант Янник Синнерді ширек финалға дайындап жатыр (ВИДЕО)

Дәл қазір Заңғар Нұрланұлы Австралия ашық чемпионатындағы жарыс жолын аяқтағанына қарамастан әлемнің бірінші ракеткасымен жаттығу өткізіп жатыр.