Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Уимблдондағы сәт. Әлемнің бірінші ракеткасы жарақат алған қарсыласын мазақтады ма? (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
08.07.2025, 13:43

Италиялық теннисші Янник Синнер Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты. Алайда оның бұл жетістігі көрермендер мен жанкүйерлер арасында дау туғызды. Себебі ол қарсыласы Григор Димитровтың жарақат алған сәтінде күліп тұрған.

qcnews.com
qcnews.com

Янник Синнердің күлкісі жанкүйерлердің ашуын туғызды

Матчта болгариялық Димитров 6:3, 7:5, 2:2 есебімен алда келе жатқан. Бірақ үшінші партия кезінде ол иығынан қатты жарақат алып, ауырсынуға төтеп бере алмай, жерге құлап түсті. Дәрігерлер көмектескенімен, ол ойынды жалғастыра алмады.

Синнер бірден жарақат алған қарсыласына қарай жүгіріп, алаңдаушылық танытқандай болды. Алайда телекамералар оны басқа қырынан көрсетті — сол сәтте италиялық теннисші жымиып, күлімсіреп тұрған. Бұл көрініс жанкүйерлердің ашуын тудырды.

Әлеуметтік желілерде спорт сүйер қауым Синнердің әрекетін "этикеттен тыс" және "спорт рухына қайшы" деп бағалады. Көпшілік оның бұл күлкісі шынайы жанашырлық емес, ішкі қуанған сезімнің сыртқа шыққан сәті деп түсінді.

Синнер не деді?

Матчтан кейін Синнер:

“Мен мұндай жолмен ширек финалға шыққаныма өкініш білдіремін. Димитров үшін алаңдаулымын” – деп мәлімдеді.

Алайда оның жымиған сәті бүкіл әлемге тарап кеткен еді. Жанкүйерлер оның бұл сөзіне сенбейтінін ашық жазып жатыр.

Келесі қарсылас – Бен Шелтон

Уимблдондағы келесі айналымда Янник Синнер АҚШ өкілі Бен Шелтонмен кортқа шығады. Бұл матч жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр — себебі көпшілік Синнердің моральдық бейнесіне күмәнмен қарай бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір