Әлемнің №1 ракеткасы тарихи финалда Алькарасқа есе қайтарды
Италиялық теннисші Янник Синнер өз мансабында алғаш рет Уимблдон турнирін жеңіп алды. Ол финалда испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы кортқа шығып, төрт сет нәтижесімен басым түсті — 4:6, 6:4, 6:4, 6:4,
Бірінші рет — финал, бірден — жеңіс
ATP рейтингінде 1-орында тұрған Янник Синнер үшін бұл Уимблдондағы алғашқы чемпиондық титул болды. Бұған дейін оның ең үздік нәтижесі — 2023 жылғы жартылай финалмен шектелген еді.
Синнер — 23 жаста. Ол осы маусымда тұрақты әрі сенімді ойынымен ерекшеленіп, беделді турнирдің басты фавориті саналған болатын. Финалдағы жеңісімен бұл болжамды толық ақтады.
Алькарас — енді экс-чемпион
Карлос Алькарас (ATP №2) бұл финалға қорғаушы чемпион ретінде келген еді. Өткен жылы ол финалда Новак Джоковичті (ATP №6) сенімді түрде ұтып, Уимблдонда тарихи жеңіске жеткен — 6:2, 6:2, 7:6.
2023 жылы Алькарас Уимблдонды алғаш рет жеңіп алған еді. Алайда биыл ол атағын сақтай алмады.