Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Александр Бублик: "Спортта айқындық жоқ"

Редактор Penalty.kz
18.02.2025, 14:40

Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнердің допингке байланысты үш айға шеттетілуіне қатысты өз ойын білдірді.

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Теннисшілердің кәсіби қауымдастығы (ATP) хабарлағандай, Синнер допинг ережелерін бұзғанын мойындап, WADA-мен келісімге келген. Соның нәтижесінде италиялық спортшы 2025 жылдың 9 ақпанынан 4 мамырына дейін дисквалификацияға ұшырады. Бірақ ол сәуір айынан бастап қайтадан жаттығуға кірісе алады. Сондықтан Үлкен дулыға турнирлерін толық өткізу мүмкіндігі бар.

"Егер бәріміз Синнер сияқты келіссөз жүргізе алсақ, тамаша болар еді. Егер келісу мүмкіндігі бар болса, ол барлық спортшыға берілуі керек. Олар өздері ашық айтты – келісімге келдік деп. Қалай? Кіммен? Егер бұл жол берілген тәжірибе болса, біз де келіссөз жүргізе аламыз ба? Мені төрт жылға шеттетер еді. Барлық спортшыларға бірдей әділетсіздік жасалып отыр", – деді Бублик BB Tennis-ке берген сұхбатында.

Допингке байланысты дау

Александр Бублик теннисте айқындықтың жоқ екенін және спортшыларға тең мүмкіндіктер берілуі керек екенін атап өтті.

"Бұл жерде ешқандай ашықтық жоқ. Біз не болып жатқанын түсінбейміз. Бірақ менің оған деген жеке қарсылығым жоқ – ол менің "Үлкен дулығаларымды" тартып алған жоқ. Егер ол допинг қолданса да, қолданбаса да, бәрібір мені жеңеді. Егер мен оның алдында екі-үш финалда жеңілген болсам, әрине, қатты ренжір едім", – деді қазақстандық теннисші.

2024 жылдың жазында Янник Синнердің қанынан тыйым салынған заттар табылған. Осыған байланысты ол ATP Masters 1000 Indian Wells турниріндегі 400 рейтингтік ұпайы мен жүлде қаржысынан айырылған. Көптеген қарсыластары бұл жаза әділетсіз жеңіл деп есептейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір