Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы

Тег бойынша футболдан ұлттық құраманың бас бапкері мен ҚФФ шешімдері, легионерлер — Дастан Сәтбаев, Максим Самородов, Стас Покатилов, Бақтиер Зайнутдинов туралы жаңалықтар жинақталған. Сондай-ақ ватерполо, семсерлесу, бокс және волейбол құрамаларының әлем, Азия чемпионаттарындағы нәтижелері беріледі.
Жекпе-жек

Ливерпульде дүркіреген Қазақстан енді Ташкентте тарих жаза ала ма?

Бокстан 2025 жылғы Азия чемпионатының өтетін жері белгілі болды. 

Жаңалықтар

Тағы бір аңыз ойыншы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Футзалдан Қазақстан құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Ула» клубының қорғаушысы Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Футбол

Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына үміткер аталды

Әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін бас жаттықтырушы Әли Әлиев өз еркімен отставкаға өтініш берген. Дегенмен Қазақстан футбол федерациясы әзірге шешім қабылдаған жоқ және оның орнына келетін маман туралы ресми хабар таратқан емес.

Жаңалықтар

Аңыз футзалшы ұлттық құрамамен қоштасты

Қазақстан футзалының символына айналған Шыңғыс Есенаманов ұлттық құрамамен қоштасты. Тарихи сәт Еуро-2026 додасына іріктеу кезеңінде Италияға қарсы ойыннан кейін тіркелді. 

Футбол

Қазақстан келесі Әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын 64 команда қатысатын форматта өткізуі мүмкін.

Жекпе-жек

Ғасыр чемпионы: Айдос Сұлтанғали Қазақстанға 26 жылдағы алғашқы "алтынды" әкелді

Отандасымыз ақтық сында өзбекстандық Алишер Ганиевті 9:0 есебімен жеңді. 

Жекпе-жек

"Олимпиадада үміт бар". Шавкат Рахмоновтың бапкері Айдос Сұлтанғалидың жеңісі жайлы

Айдос Сұлтанғалидың тарихи жеңісінен кейін қазақстандық спортта жаңа дәуір басталуы мүмкін. 60 келі салмақтағы әлем чемпионын Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров та ерекше атап өтіп, бұл жеңістің Олимпиадада да үлкен үміт сыйлайтынын айтты.

Жекпе-жек

"ХХІ ғасырдағы тұңғыш чемпион: Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды жеңісімен құттықтады

Отандасымыз грек-рим күресінен кейінгі 26 жылда алғаш рет Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған болатын. 

Теннис

Белгілі журналист Александр Бубликті жерден алып, жерге салды

Қазақстандық журналистикада танымал қаламгер Сәби Байбосынов елдің бірінші ракеткасы Александр Бубликке сын айтты. Ол теннисшінің соңғы әрекеттерін сынап, ұлттық құрамадағы болашағына күмән келтірді.

Жекпе-жек

Қазақстандық жас балуан Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңді

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионаты қазақстандық жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. 22 жастағы Мерей Мәулетқанов 1/4 финалда екі дүркін Олимпиада финалисін (Токио-2021, Париж-2024) тізе бүктірді.

Жаңалықтар

Ағайынды Сабырхандар, Айбек Оралбай мен басқалар Президент атынан марапатталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливерпульдегі әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық боксшыларды мемлекеттік марапаттармен атап өтті.

Футбол

Қазақстан құрамасының жұлдыздары құнсызданды

Transfermarkt сайты Ресей Премьер-Лигасында ойнайтын футболшылардың жаңа құнын жариялады. Бұл өзгерістер Қазақстан құрамасының ойыншыларына да әсер етті.

Жекпе-жек

Демеу Жадыраев әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Хорватия астанасы Загребтегі грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстанның тәжірибелі балуаны Демеу Жадыраев жарысты сәтті жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар

Қазақстаннан 79 спортшы Токиоға жол тартпақ

Әлемнің 80 елінен жиналатын 3 мыңға жуық мықтымен бәсекеге түсетін қазақстандық спортшылар кешенді дайындықтан өтіп, елге жаңа медальдар сыйлауды мақсат етіп отыр.

Теннис

Қазақстан — АҚШ шайқасы: Путинцева мен Рыбакина ел тағдырын қалай шешті?

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті. Шешуші сәт жұптық матчта анықталды.

Теннис

Елена Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында мықты қарсыласынан басым түсті

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының әлемдік топ ширек финалында Қазақстан мен АҚШ құрамалары күш сынасуда.

Жаңалықтар

Италия – Қазақстан: Еуро-2026 жолдамасы үшін айқас

Ойын Фазано қаласында өтеді, ал жанкүйерлер үшін кездесуді тікелей эфирде «Qazsport» арнасы көрсетеді.

Жаңалықтар

Қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто мәреге жетпей құлап қалды

Нора Джеруто Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшырады.

Жекпе-жек

Демеу Жадыраев әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласын білді

Грек-рим күресінен Қазақстанның үздігі Демеу Жадыраев Загребтегі әлем чемпионатында алғашқы қарсыласымен кездеседі.

Болжам

Қазақстан Billie Jean King Cup-та алтын үшін таласуда

Әйелдер құрамасы аталған турнирде америкалық ұжыммен шеберлік байқасады.