Қазақстан құрамасы
Сәкен Бибосыновтың Қазақстан құрамасындағы болашағы белгілі болды
Ұлттық құраманың бас бапкері пікір білдірді.
Алтын арман болды: Қазақ балуандары әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады
Загребтегі күрес әлемінің басты додасында қазақ еркін күрес шеберлері алтынға қол жеткізе алмай, бар болғаны екі қола жүлдемен шектелді.
Бокстан Қазақстан құрамасы бапкерсіз қалды
2025 жылғы әлем чемпионатынан кейін бокстан Қазақстан құрамасының физикалық дайындық бойынша жаттықтырушысы, америкалық маман Кристофер Камачо елден кеткенін хабарлады.
Бауырластықтың үлгісі! Қазақ және өзбек боксшылары чемпионаттан кейін бірге суретке түсті
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 10 медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Ал Өзбекстан боксшылары 2-орынға жайғасты.
Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары «татуласты»
Қазақстан және Өзбекстан ұлттық бокс құрамалары арасындағы басты бәсекелестік жаңа деңгейге шықты. Ливерпульде әлем чемпионатынан кейін қос елдің бас бапкерлері – Қайрат Сәтжанов пен Тулкин Киличев бір-біріне сәттілік тілеп, өзара құрмет көрсеткен сәтті желіде жариялады.
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде сүрінді
Осылайша, Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан үшін Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионаты сәтсіздікпен аяқталды.
Қазақстан – бокстан әлем чемпионатының медальдық есеп жеңімпазы
Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары медальдық есепте соңғы күнге дейін басты қарсылас болды.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қандай медаль еншіледі
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының тұңғыш ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста Қазақстан боксшылары 10 медаль жеңіп алды.
Айбек Оралбай – Қазақстан тарихындағы алғашқы суперауыр салмақтағы әлем чемпионы
Ливерпульде World Boxing ұйымының тұңғыш әлем чемпионаты мәреге жетті.
Нұрқожа Қайпанов – әлем чемпионатының қола жүлдегері
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Загребте өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қола медаль иеленді.
Әлем чемпионатында қазақ балуаны қола жүлде иемденді
Хорватия астанасы Загребтегі еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Асылжан Есенгелді тарихи сәтке куә болды.
Қазақстандық үш балуан әлем чемпионатынан шығып қалды
Загребте еркін күрестен әлем біріншілігі қызып тұр. Бірақ Қазақстан құрамасының үш бірдей балуаны турнирді ерте аяқтады.
Асылжан Есенгелді Загребтегі әлем чемпионатында қола жүлде үшін күреседі
Қазақстандық еркін күрес шебері Асылжан Есенгелді 2025 жылғы әлем чемпионатында (Загреб, Хорватия) қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатының «алтыны» үшін кімдермен күш сынасады?
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы финалға жолдама алды.
Қазақстан боксы тарихындағы рекорд: Сегіз боксшы әлем чемпионатының финалында
World Boxing ұйымы өткізген 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасын бірден сегіз боксшы таныстырады.
Бір сәтте бәрі өзгерді: Санжар Тәшкенбайдың соққысы кубалықты есеңгіретті
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Жарыс Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының аясында өтіп жатыр.
Нұрқожа Қайпанов тағы да камбэк жасап, әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Загребтегі әлем чемпионатында (70 кг) жартылай финалға жолдама алды.
Әлішер Ерғали әлем чемпионатын ерте аяқтады
Загребте (Хорватия) өтіп жатқан 2025 жылғы күрес әлем чемпионатында Қазақстанның аса ауыр салмақтағы балуаны, Олимпиада ойындарының қатысушысы сенсациялық түрде жарысты ерте аяқтады.
Бүгін алты бірдей қазақ боксшысы жартылай финалда айқасады
Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты (World Boxing нұсқасы) Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. 13 қыркүйек күні бірден алты қазақстандық боксшы жартылай финалда шаршы алаңға шығады.
Қазақстан құрамасы теннистен әлем чемпионатында сенсацияға тап болды
Теннистен әлем чемпионаты аясында Қазақстан мен Корея құрамаларының қарқынды бәсекесі жалғасуда.