Бүгін алты бірдей қазақ боксшысы жартылай финалда айқасады
Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты (World Boxing нұсқасы) Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. 13 қыркүйек күні бірден алты қазақстандық боксшы жартылай финалда шаршы алаңға шығады.
Instagram/@qaz_team_official
Ливерпульдегі тарихи дода
Жанкүйерлері барлық жекпе-жекті «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Жартылай финалдағы жекпе-жектер кестесі:
- 16:00 — Әйелдер, 48 кг
Назым Қызайбай — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
- 17:30 — Ерлер, 50 кг
Санжар Ташкенбай — Алехандро Кларо Фис (Куба)
- 18:00 — Ерлер, 55 кг
Махмұд Сабырхан — Чуан Лю (Қытай)
- 22:15 — Әйелдер, 51 кг
Алуа Балқыбекова — Синью Ци (Қытай)
- 22:45 — Ерлер, 75 кг
Төрехан Сабырхан — Одель Камара (Англия)
- 23:15 — Әйелдер, 70 кг
Наталья Богданова — Шантель Рид (Англия)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet