Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Тойдан шықпайды»: Нұрбек Оралбай танымал бапкердің сынына қалды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:34

Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы күтпеген нәтижелерге тап болды. Жарысқа қатысқан 9 спортшының үшеуі ғана жартылай финалға жолдама алды. Ал басты үміт артқан бірнеше фаворит ширек финалға жетпей-ақ турнирден шығып қалды. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Instagram/@boxingkazakhstan

Еділовтің сыны: «Төреші ғана кінәлі емес»

Белгілі бапкер Тұрсынғали Еділов жағдайға байланысты пікір білдіріп, мәселе төрешілерде ғана емес, боксшылардың өзінде екенін атап өтті.

«Нұрбек Оралбай Олимпиададан кейін қарқынын жоғалтты. Тойдан шықпай жүргенін білеміз. Бізде боксшыларды артық дәріптеп, кортежбен алып жүру дәстүрге айналып барады. Егер осыны тоқтатпасақ, рингіміздің орнын тойхана басады», – деді Еділов.

«Даңқ емес, тәртіп қажет»

Маманның айтуынша, қазақ боксының қайта өркендеуі үшін шектен тыс даңқ емес, қатаң тәртіп пен жеңіске деген аштық сезімі маңызды.

«Құрметке бөленген спортшы шынайы еңбегін жалғастыра алмайды. Бізге тәртіпті спортшылар мен жауапкершілікті жүйе қажет», – деп қосты ол.

Еске сала кетсек, Нұрбек Оралбай әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Жавохир Умматалиевтен төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір