Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қандай медаль еншіледі
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының тұңғыш ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста Қазақстан боксшылары 10 медаль жеңіп алды.
Қазақстандықтардың жетістігі
Жалпы есеп бойынша, қазақстандық былғары қолғап шеберлері:
- 7 алтын,
- 1 күміс,
- 2 қола медальға қол созды.
Ерлер арасындағы әлем чемпиондары:
Санжар Тәшкенбай – 50 кг
Махмұд Сабырхан – 55 кг
Төрехан Сабырхан – 70 кг
Айбек Оралбай – 90+ кг
Әйелдер арасындағы әлем чемпиондары:
Алуа Балқыбекова – 51 кг
Аида Әбікеева – 65 кг
Наталья Богданова – 70 кг

Күміс жүлде иегері:
Назым Қызайбай – 48 кг
Қола жүлдегерлер:
Виктория Графеева – 60 кг
Елдана Тәліпова – 80+ кг
Тарихи белес
Бұл чемпионат World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен алғашқы әлемдік деңгейдегі ресми турнир болды. Қазақстан құрамасы үшін бұл нәтиже – отандық бокстың жаңа кезеңін айқындаған үлкен жетістік.
Бұл туралы не ойлайсыз?