Айбек Оралбай – Қазақстан тарихындағы алғашқы суперауыр салмақтағы әлем чемпионы
Ливерпульде World Boxing ұйымының тұңғыш әлем чемпионаты мәреге жетті.
Ливерпульдегі тарихи жеңіс
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Джахонгир Зокировты төрешілердің шешімімен жеңіп, суперауыр салмақта әлем чемпионы атанды.
Бұл – қазақ боксының тарихындағы жаңа белес. Себебі бұрын-соңды біздің елдің өкілдері ең ауыр салмақта мұндай жетістікке жете алмаған.
Бұрынғы финалдардағы тағдыр
Қазақстандық боксшылар суперауыр салмақта талай мәрте финалға шыққанымен алтын жүлде бұйырмаған:
- Мұхтархан Ділдәбеков – 1999 жылы финалда сүрінді;
- Иван Дычко – 2013 және 2015 жылдары екі мәрте күміспен шектелді;
- Қамшыбек Қоңқабаев – 2017 және 2019 жылдары финалда қарсыластарына есе жіберді.
Айбек Оралбай сол дәстүрді бұзып, Қазақстанның атын жаңа деңгейде тарихқа жазды.
Бұл туралы не ойлайсыз?