Қазақстан ӘЧ алтыншы «алтынын» еншіледі
Англияның Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Наталья Богданова ел қоржынына кезекті алтын медаль салды.
Instagram/@boxingkazakhstan
Финалдық айқас
70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Богданова финалда австралиялық Лекейша Перголитимен күш сынасты. Жекпе-жек тартысты өткеніне қарамастан, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.
Қазақстан құрамасының жалпы жетістігі
Осылайша Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Бұл Қазақстан құрамасының алтыншы жүлдесі болды. Бұған дейін келесі спортшылар жеңіс тұғырынан көрінген еді:
- Санжар Тәшкенбай (50 кг)
- Махмұд Сабырхан (55 кг)
- Төрехан Сабырхан (70 кг)
- Алуа Балқыбекова (51 кг)
- Аида Әбікеева (65 кг)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet