
Теннистен әлем чемпионаты аясында Қазақстан мен Корея құрамаларының қарқынды бәсекесі жалғасуда.
Алғашқы екі жеке кездесуден кейін командалар жұптық ойынға шықты. Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Тимофей Скатов кортқа шыққанымен оңтүстіккореялық қарсыластары Юн Сун Пак пен Джи Сун Намға жол берді. Матч нәтижесі – 2:6, 3:6.
Осылайша жалпы есепте Корея құрамасы 2:1 есебімен алға шықты. Алайда шешуші кезең әлі алда – командалар екі жеке ойында күш сынасады. Бұл матчтар Қазақстан үшін аса маңызды болмақ.