Қазақстан Дэвис кубогында Кореяға жол берді

Жекпе-жек шолушысы

Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында Дэвис кубогының Әлемдік топ I кезеңіндегі төртінші кездесу өтті. Қазақстан мен Корея құрамалары арасындағы бәсеке ерекше назарда болды.

Қазақстан Дэвис кубогында Кореяға жол берді
Instagram/@ktf.kz

Негізгі ойын

Кортқа Дмитрий Попко мен корейлік Хьен Чан арасындағы ойында алаң иесі үстемдік танытып, матчты 6:3, 7:5 есебімен аяқтады.

Жалпы есеп және жалғыз жеңіс

Осылайша жалпы есеп бойынша Оңтүстік Корея құрамасы Қазақстанды 3:1 есебімен жеңді. Біздің командаға жалғыз ұпайды Александр Шевченко сыйлады.

Бұған дейін Александр Бублик жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмаған.