
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті. Шешуші сәт жұптық матчта анықталды.
Қазақстан намысын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қорғады. Ал АҚШ командасынан кортқа әлемдік рейтингтің көшбасшыларының бірі Джессика Пегула және тәжірибелі Тейлор Таунсенд шықты.
Екі сетке созылған тартысты ойында америкалық теннисшілер жеңіске жетті — 6:2, 7:6 (7:1).
Осы нәтижемен АҚШ құрамасы жалпы есепте 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Қазақстандықтар үшін бұл дода қатаң сынаққа айналды.
Юлия Путинцева алғашқы ойында Эмма Наварроға қарсы табан тірескен матчта жеңіліп қалды — 5:7, 6:2, 6:7 (8).
Елена Рыбакина болса, Джессика Пегуланы сенімді түрде ұтып, елге үміт сыйлады — 6:4, 6:1.
Осылайша шешуші жұптық матч бәрін айқындады.