Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде камбэкпен жеңді
Александр Шевченко Чэнду қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында әйгілі француз, 39 жастағы Гаэль Монфисті жолдан шығарды.
Instagram/@shevchenkoo_17
Матч барысы
Кездесу тартысты өтіп, нәтижесінде Шевченко қарсыласының бас тартуына байланысты жеңімпаз атанды.
Есеп: 6:7 (3:7), 6:3, 1:0.
Матч ұзақтығы: 1 сағат 49 минут.
Қазақстандық теннисші үш мүмкіндіктің екеуінде брейк-пойнтты жүзеге асырды. Алты эйс соқты және бір ғана қос қателікке жол берді. Монфис үш эйс орындап, бірақ 11 брейк-пойнттың бірде-бірін жүзеге асыра алмады. Сонымен қатар екі қос қателік жіберді.
Келесі қарсылас
Турнирдің екінші айналымында Александр Шевченко Францияның жас жұлдызы, әлемдік рейтингтің 36-шы ракеткасы саналатын 22 жастағы Джованни Мпетчи Перрикармен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet