Александр Бублик Қытайдағы турнирде камбэк жасады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алғашқы сеттегі сәтсіздіктен кейін ойын тізгінін өз қолына алып, жеңіске жетті.
NUR.kz
Матч барысы
Ханчжоу қаласында (Қытай) өткен ерлер арасындағы ATP-250 сериялы хард корт турнирінде Бублик әлемнің 93-ракеткасы, австралиялық Александар Вукичпен кездесті.
Ойын 2 сағат 15 минутқа созылып, қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Бублик қарсыласын үш сетте тізе бүктірді — 6:7 (6:8), 6:4, 6:4.
Келесі қарсылас
Ширек финалда Бублик Сврчина — Чжан жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet