
Отандасымыз грек-рим күресінен кейінгі 26 жылда алғаш рет Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған болатын.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды құттықтап, оның жеңісін ХХІ ғасырдағы қазақ күресі үшін тарихи оқиға деп атады.
Хорватия астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айдос Сұлтанғали финалда өзбек балуаны Әлішер Ғаниевті небәрі бір минут ішінде таза жеңіспен ұтып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің құттықтауында:
«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!» – деп жазды.
Бұл жеңіс Сұлтанғали үшін ғана емес, бүкіл қазақ спорты үшін айрықша маңызға ие. Себебі, грек-рим күресінен Қазақстан ХХІ ғасырда алғаш рет әлем чемпионын шығарды. Соңғы рет біздің балуандар бұл жетістікке 1999 жылы Мхитар Манукянның арқасында жеткен болатын.
Алтын жүлдеге барар жолда Айдос Сұлтанғали бірінен соң бірін мықтыларды тізе бүктірді:
Грек-рим күресінен Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында бұған дейін бірнеше мәрте топ жарған еді:
Ал 60 келі салмақта жүлдегерлер қатарында Алмас Кебіспаев, Нұрбақыт Теңізбаев, Мейрамбек Айнағұлов және Айдостың өзі бар.