
Жуырда Айдос Сұлтанғали Загребте грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 26 жылдан кейін алғаш рет алтын медаль салған еді.
Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалидың сыйақысына көңілі толмайтынын айтты.
Загребте (Хорватия) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Қазақстанға тарихи алтын сыйлады. Бұл — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы осы стильде соңғы 26 жылдағы (соңғы рет 1999 жылы Мхитар Манукян жеңген) ең ірі жетістік.
Алайда дәл осы жеңістің артынан қоғамда қызу талқылау тудырған мәселе көтерілді — чемпионға берілген 10 мың доллар көлеміндегі сыйақы.
Белгілі файтер Қуат «Найман» Хамитов Instagram парақшасында ашық пікір білдірді:
«Адам тарих жасады, ал оған берген сыйақысы — күлкілі. Футболшылардың ай сайынғы жалақысының бір бөлігін берсе де, лайық болар еді. Бұл — бүкіл елдің абыройы. Заңды өзгерту керек! Чемпиондарымызға лайықты құрмет көрсетілуі тиіс», — деп жазды спортшы kzsports Инстарграм парақшасында.
Айдос Сұлтанғалидың жеңісі Қазақстан спорты үшін жаңа кезең ашты. Ол ХХІ ғасырдағы тұңғыш әлем чемпионы атанып, ел спортының даңқын асқақтатты.