Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Геннадий Головкин – World Boxing президенттігіне басты үміткер

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:40

Әуесқой бокста кадрлық ауыс-түйістер күтілуде. World Boxing ұйымының қазіргі президенті Борис ван дер Ворст екінші мерзімге кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді. Жаңа президентті сайлау қараша айында федерация конгресінде өтпек.

Геннадий Головкин – World Boxing президенттігіне басты үміткер
sports24.kz

Ван дер Ворст не үшін кетіп жатыр?

Ресми мәлімдемесінде нидерландтық басшы «шаршадым» дегенді алға тартты. Алайда британдық журналист Данкан Маккай (Zues Files) мәліметінше, шын мәнінде себеп әлдеқайда күрделі.

ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) президентке сенімсіздік танытқан. Бұған күмәнді маркетингтік келісім және 2028 жылғы Олимпиадада бокс турнирін өткізу бойынша әлсіз кепілдіктер әсер еткен. Сонымен қатар, World Boxing құрамындағы кейбір ұлттық федерациялар да оның жұмысына қанағаттанбай отырғаны айтылуда.

Борис ван дер Ворст. ФОТО: xsport.ua

Головкиннің тарихи мүмкіндігі

Журналист Маккайдың дерегінше, бас фаворит – Геннадий Головкин. Ол қазіргі таңда ұйымның Олимпиадалық комиссиясын басқарады. Егер Головкин жеңіске жетсе, ол қазақстандық спорт тарихында тұңғыш рет халықаралық бокс федерациясын басқарған азамат атанбақ.

Әзірге ресми үміткерлер тізімі жарияланған жоқ. World Boxing оны регламентке сәйкес кейінірек ұсынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір