Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

жаңа бапкер

Бұл бөлімде Қазақстан клубтары мен ұлттық құрамадағы бапкер ауысулары туралы жаңалықтар жинақталған: "Ақтөбе", "Астана", "Қайрат", "Тобыл", "Ертіс", "Тұран" сияқты командалардың жаңа бас бапкерлерін тағайындауы мен таныстыруы.
Футбол

Максим Самородов енді Черчесовтың қол астында ойнайды

Ресейлік маман Станислав Черчесов Грозныйдың "Ахмат" ФК жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Хоккей

"Барыс" жаңа бас бапкерін ресми таныстырды

"Барыс" хоккей клубы ресми түрде Михаил Кравецті команда бас бапкері етіп тағайындады. 

Хоккей

"Барыстың" жаңа бас бапкері Астанаға ұшып келді

Астаналық "Барыс" ХК жаңа бас бапкері болып тағайындалатын ресейлік маман Михаил Кравец елордаға келіп жетті. 

Жаңалықтар

"Қайраттың" жаңа бас бапкері белгілі болды

"Қайрат" футзал клубының жаңа бас бапкері болып бразилиялық Даниэл Жуниор тағайындалатыны белгілі болды.

Хоккей

"Барыстың" жаңа бас бапкері белгілі болды: Михаил Кравец Астанаға келеді

61 жастағы маман Астанаға келіп, ресми келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр.

Футбол

Қазақстандық футбол клубы бас бапкерін жұмыстан қуды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Нұрмат Мырзабаев "Тараз" ФК бас бапкері қызметінен кетті. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында ресми түрде жариялады.

Хоккей

Ғалым Мәмбетәлиев "Барыста" қалды

Астаналық "Барыс" клубының айналасында белгісіздік жалғасуда. Қазақстандық бапкер Ғалым Мәмбетәлиев команданың жаттықтырушылар құрамында қала бермек.

Футбол

Қазақстандық маман "Арсеналға" бас бапкер болып тағайындалды

28 жасында мансабын аяқтап, жаттықтырушылыққа бет бұрған Сергей Якушин бүгінде шетелдік клубтың тізгінін ұстады. Қазіргі таңда ол PRO лицензия алуға дайындалып жатыр.

Футбол

Әлем чемпионы Өзбекстан құрамасының тізгінін ұстай ма?

Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері Йоахим Лёв Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға жақын.

Футбол

Абат Айымбетовты жаңа маман жаттықтырады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов өнер көрсететін "Адана Демирспор" клубы жаңа бас бапкермен толықты.

Футбол

Қайрат Нұрдәулетов КПЛ-дегі сенсациялық клубтың бас бапкері атанды

"Оқжетпес" ФК Қайрат Нұрдәулетовты ресми түрде команданың бас жаттықтырушысы етіп тағайындағанын хабарлады. 

Футбол

"Ұлытауға" жаңа бас бапкер тағайындалды

Қазақстан Премьер-Лигасында (ҚПЛ) өнер көрсететін "Ұлытау" ФК тізгінін тәжірибелі Нүркен Мазбаев ұстады. Бұл туралы команда ресми парақшасында хабарлады.

Хоккей

Талғат Жайлауов бас бапкер атанды

Қазақстандық хоккей тағы бір жаңалықпен толықты. Бұған дейін ойыншы және жаттықтырушы ретінде өз орнын қалыптастырған Талғат Жайлауов енді "Номад" клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 

Футбол

ҚПЛ клубы бас бапкерін жұмыстан босатты

"Ұлытау" ФК бас бапкер Иван Азовскиймен қоштасты. Жақын күндері жаңа жаттықтырушының есімі жарияланады.

Жаңалықтар

"Астана" бас бапкерін ауыстырды

"Астана" баскетбол клубының тізгінін литвалық маман Рамунас Цвирка ұстады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Футбол

"Атырауға" ескі жаңа бапкер оралды (ВИДЕО)

Виталий Жуковский ресми түрде тағайындалды. 

Футбол

Қазақстанның бес дүркін чемпионы танымал бапкермен келіссөз жүргізіп жатыр

Павлодардыі "Ертіс" футбол клубы бас бапкер қызметіне жаңа маман іздеуде. Клуб 35 жастағы қазақстандық маман Ринат Алүетовпен байланысқа шыққан. 

Футбол

"Интер" тәжірибесі жоқ жаңа бас бапкерге сенім артты

"Интер" УЕФА Чемпиондар лигасының финалында "ПСЖ"-дан 0:5 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін төрт жылдық циклды аяқтап, бас бапкер Симоне Индзагимен қош айтысты. Көп ұзамай клуб жаңа маманды да тағайындап үлгерді. Енді команданы румыниялық Кристиан Киву басқарады.

Жекпе-жек

Өзбекстан құрамасына әйгілі кубалық жаттықтырушы қосылды

Өзбекстан әйелдер ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына әлемге әйгілі кубалық маман – Фернандес Хименес Барбаро қосылды. Бұл ақпаратты Өзбекстан бокс федерациясының ресми өкілдері растады.

Футбол

Магомед Адиев жаңа клубпен келісімге келді

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері және соңғы уақытта "Химки" клубының уақытша жаттықтырушысы болған Магомед Адиев енді "Крылья Советов" клубын баптайды.