Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Максим Самородов енді Черчесовтың қол астында ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі
06.08.2025, 20:32

Ресейлік маман Станислав Черчесов Грозныйдың "Ахмат" ФК жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Максим Самородов енді Черчесовтың қол астында ойнайды
NUR.KZ

“Ахматтағы” бапкерлік ауыс-түйіс

6 тамыз күні Шешенстан астанасының командасы бұған дейін ұжымды жаттықтырып келген Александр Сторожук пен оның штабының отставкаға кеткенін мәлімдеді. Сторожук маусым айында ғана қызметке кіріскен. Бірақ оның жетекшілігімен “Ахмат” Ресей премьер-лигасында үш матчта жеңіліп, Кубокта да бір ойында ұтылды.

Осылайша клуб жазғы трансферлік терезе жабылмай тұрып, бас бапкерді ауыстыруға шешім қабылдады.

Черчесовпен үш жылдық келісімшарт жасалды

61 жастағы Станислав Черчесовпен 2028 жылға дейін келісім жасалды. Ол “Ахмат” клубын (бұрынғы «Терек») бұған дейін де 2011–2013 жылдары басқарған.

Қазақстан құрамасы мен Самородов жайлы

Черчесов үшін бұл — Қазақстан ұлттық құрамасынан кеткеннен кейінгі алғашқы клубтық жұмыс.
Еске сала кетейік, оның жетекшілігімен Қазақстан 2024 жылғы Ұлттар лигасында 5 матчта жеңіліп, 1 тең ойынмен төменгі дивизионға түсіп қалған еді.

Айта кету керек, «Ахмат» сапында қазір Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетіп жүр. Яғни Самородов Черчесовпен қайтадан бірге жұмыс істейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір