Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

90-минуттағы пенальти "Қайратқа" тарихи жеңіс әкелді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.08.2025, 22:13

"Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде тарихи жеңіске жетті. Алматылықтар Братиславаның "Слованына" қарсы соңғы минутта пенальти арқылы жанкүйерлерін қуантты.

Басымдық пен драма

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ойынға Нидерландтық төреші Сердар Гөзюбүйүк бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Бірінші таймда алаң иелері басымдық танытты. "Қайрат" бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен голға айналдыра алмады. Ал екінші таймда қонақтар шабуылға белсенді кірісті. Ойынның 85-минутында Рахим Ибрахим қызыл қағаз алып, "Слован" бір ойыншысынан айырылды. Осы сәттен кейін Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері шабуылды үдетіп, қарсыласын қыспаққа алды.

Тарихқа енген сәт: 90-минуттағы пенальти

Алаңда артық бір ойыншымен ойнаған алматылықтар 90-минутта есеп ашты. Дастан Сәтпаев пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады — 1:0. Бұл — "Қайраттың" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы тарихи жеңісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір