Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Зарина Дияс Жапониядағы турнирде қарсылас шақ келтірмей келеді

Сарапшы, спорт журналисі
16.05.2025, 10:03

Қазақстандық кәсіпқой теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W50 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Қазір WTA рейтингінде 318-орында тұрған спортшы Куруме қаласында өнер көрсетіп жатыр.

ktf.kz
ktf.kz

Ширек финал: 59 минутта сенімді жеңіс

Зарина ширек финалда жергілікті теннисші Момоко Коборимен кездесіп, 6:3, 6:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Қарсыласынан біршама басым болған қазақстандық спортшы ойынды небәрі 59 минутта аяқтады. 

Жартылай финалда кіммен кездеседі?

Жартылай финалдағы қарсыласы Саки Имамура (Жапония) мен Мэйлин Ванның (Қытай) арасындағы кездесуден кейін белгілі болады. Зарина Дияс алдағы матчта да сенімді өнер көрсетіп, финалға жолдама алуға ниетті.

Зарина Дияс: Тәжірибесі мен қайсарлығының арқасында алға ілгерілеуде

Бұрын WTA рейтингінің ТОП-50 кірген Зарина үшін бұл жарыс – үлкен тенниске қайта оралу жолындағы маңызды кезең. Жарақаттар мен үзілістерден кейін ол біртіндеп өз бабына келіп, халықаралық ареналарда қайта бой көрсетуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір