
Әлемдік рейтингте 62-орында тұрған Александр Бублик биылғы "Ролан Гаррос" турнирін сенімді жеңіспен бастады.
Париждегі топ-турнирдің алғашқы айналымында Бублик Австралия өкілі Джеймс Даквортпен (ATP №92) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 6:2, 6:4, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қарсыласын толықтай басып озған Александр келесі кезеңге сенімді өтті.
Екінші айналымда Бубликке тағы бір аустралиялық теннисші — Алекс Де Минаур (ATP №9) қарсылас атанбақ. Ол өз кезегінде сербиялық Ласло Дьеренi (№64) 6:3, 6:4, 7:6 есебімен ұтты.
Бұл кездесу Бублик үшін турнирдегі маңызды сын болмақ, себебі Алекс – әлемнің үздік ондығына енген теннисшілердің бірі.