
WTA рейтингінде 31-орында тұрған Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатындағы алғашқы айналымын сенімді жеңіспен бастады. Ол аргентиналық Солана Сьерраны (WTA №110) 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Алғашқы сет тартысты өткенімен Путинцева тай-брейкте шеберлігін көрсетіп, 7:6 есебімен басым түсті. Екінші сетте Юлия қарсыласынан бір саты жоғары деңгейде ойнап, 6:2 есебімен кездесуді өз пайдасына аяқтады.
Енді Юлия Путинцева екінші айналымда америкалық Кэти Волынец (WTA №65) пен тайвандық Джоанна Гарлендтың (WTA №175) арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Бұл матчтың нәтижесі Путинцева үшін алдағы жоспарларды анықтайды.
Айта кетейік, Юлия Путинцева Қазақстан әйелдер теннисіндегі екінші ракетка саналады. Ол бұл мәртебеде тек Елена Рыбакинадан (WTA №11) кейін тұр.