Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" үшінші кезеңіне сенімді өтті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина Париж төріндегі "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында АҚШ өкілі Ива Йовичті айқын басымдықпен жеңді.

Қарсыласқа еш мүмкіндік бермеді

Екінші раундтағы кездесуде Рыбакина өз мықтылығын толық дәлелдеді. Матч  6:3, 6:3 нәтижесімен аяқталды. 

Бұл қос спортшының тарихтағы екінші кездесуі болды. Алғашқысы 2024 жылдың 16 қаңтарында Australian Open турнирінде өткен. Сол кезде де Елена Рыбакина жеңіске жеткен(2:0).

Рыбакина үшінші кезеңдк латвиялық Елена Остапенкомен кортқа шығады.

"Ролан Гаррос" – басты жаңалықтар

Францияның ашық чемпионаты 2025 жылдың 25 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионкасы — польшалық Ига Швёнтек. Ол да биылғы бәсекенің фавориті саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір