Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сенсациялық камбэк: Александр Бублик "Ролан Гаррос" фаворитін тізе бүктірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
29.05.2025, 17:11

Қазақстандық теннис жанкүйерлері тарихи матчтың куәсі болды. Ел намысын қорғаған Александр Бублик әлемнің үздік ондығындағы теннисшіні жеңіп, "Ролан Гаррос" турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды.

Матч маусымның ең жарқын сәті болды

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлемдік рейтингте 62-орында тұрған Александр Бублик 2025 жылғы маусымдағы ең әсерлі ойынының бірін көрсетті. Ол екінші айналымда әлемнің 9-ракеткасы, австралиялық Алекс де Минаурды 2:6, 2:6, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен сенсациялық түрде жеңіп шықты. Кездесу 2 сағат 55 минутқа созылды.

Бұған дейін Бублик пен Де Минаур төрт рет кортта жолыққан, есеп – 1:3 австралиялықтың пайдасына. Алайда бұл жолы Бублик мінез көрсетіп, өз карьерасындағы ең керемет камбэктердің бірін жасады.

Келесі қарсылас – Роша немесе Меншик

27 жастағы қазақстандық теннисші үшінші айналымда Роша мен Меншик арасындағы жеңімпазбен ойнайды. Бұл оның "Ролан Гаррос" турниріндегі келесі үлкен сынағы болмақ. 

Австралиялықтарды қатарынан жеңіп келеді

Бұған дейін Бублик алғашқы айналымда тағы бір австралиялық теннисші Джеймс Даквортты 6:2, 6:4, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңген. Енді ол қатарынан екі австралиялық спортшыны жарыстан шығарды.

Былтырғы "Ролан Гаррос" турнирінде Александр Бублик екінші айналымда жарыс жолынан шығып қалды. Ол бірінші айналымда француз Грегоар Баррерді 6:4, 7:5, 6:3 есебімен жеңсе, екінші айналымда неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруффқа 2:6, 2:6, 3:6 есебімен жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір