Зарина Дияс жапониялық қарсыласынан есе қайтарды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық тәжірибелі теннисші Зарина Дияс Гимарайнш (Португалия) қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды.

Зарина Дияс жапониялық қарсыласынан есе қайтарды
sportarena.kz

Дияс бірінші айналымда жапониялық Акико Омаэны еш қиындықсыз ұтып, екінші кезеңге өтті. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды. Есеп: 7:5, 6:2.

Реванш алынды

Айта кетейік, бұл қос теннисшінің екінші кездесуі. Бұған дейін олар Цукубада (Жапония) кортқа шыққан. Ол кезде Акико Омаэ үш сетте жеңіске жеткен.

Дияс — қайта бабында

Бұл жеңіс Заринаның кәсіби деңгейі мен шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті. Бірінші сетте қиындықтарға қарамастан екінші кезеңде толық басымдық танытты. Турнир барысында ол өз тактикасы мен мықты соққыларын тиімді пайдаланды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір