Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанның үздік теннисшісі Лондонда жартылай финалға шықты

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 22:15

Жұптық сында WTA рейтингінде ТОП-10 қатарына енген Анна Данилина Queen’s Club Championships турнирінде ресейлік Диана Шнайдермен бірге келесі кезеңге жолдама алды.

sports.kz
sports.kz

Азулы қарсыластан екі сетте басым түсті

Турнирдің ширек финалында Данилина мен Шнайдер австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчикке қарсы ойнады. Жұп 7:6, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. 

Жартылай финалда Анна мен Диананың қарсыластары – австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуай болмақ. Бұл жұп та халықаралық аренада тәжірибесі мол. Сондықтан алда тағы бір тартысты кездесу күтіп тұр.

Анна Данилина – Қазақстанның жұптық сындағы №1 теннисшісі

Анна Данилина қазір жұптық есепте Қазақстанның бірінші ракеткасы болып табылады. Оның WTA рейтингінде 9-орынға ие. Бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстандық спортшы үшін бұл жетістік ел намысын абыроймен қорғап жүрген кәсіби жолының кезекті биік белесі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір