
Қазақстанның бірінші ракеткасы Истборн додасына қатыспайтынын жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP-250 санатындағы Истборн турнирінен бас тартты.
Дүниежүзілік рейтингте 30-орында тұрған Бублик Ұлыбританияның Истборн қаласында өтетін жарысқа қатыспайтын болды. Оның орнына негізгі сеткаға америкалық теннисші Дженсон Бруксби қосылды. Бруксби алғашқы айналымда аргентиналық Франсиско Комесаньемен кездеседі.
Турнирден бас тарту туралы нақты себеп жарияланбағанымен, спорт мамандары бұл шешімді Бубликтің тығыз жарыс күнтізбесі мен қалпына келу кезеңімен байланыстыруда.
Еске салсақ, Александр Бублик өткен аптада Германияның Халле қаласында өткен беделді ATP-500 турнирінде жеңімпаз атанған еді. Жарыс барысында ол:
Бұл жеңіс Бубликтің мансабындағы ең ірі жетістіктердің бірі саналады.