
Қазақстандық теннис үміті Бейбіт Жұқаев тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне шықты.
Англияда өтіп жатқан атақты Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінде 251-ші ракетка иесі Бейбіт Жұқаев финалда Франция өкілі, әлемдік рейтингте 239-шы орында тұрған Лука Павловичпен кортқа шықты.
Екі ойыншы арасындағы бәсеке бес сетке дейін созылды. Алғашқы сетте жеңіліс тапқан Жұқаев намысты қолдан бермей, келесі үш сетте қарсыласынан айласын асырды – 3:6, 6:3, 6:2, 7:6.
Осылайша Бейбіт Жұқаев Уимблдонның іріктеу кезеңінен сәтті өткен жалғыз қазақстандық теннисші атанды. Бұл оның кәсіби мансабындағы маңызды белес саналады.
Еске салайық, Уимблдондағы іріктеуде өз бағын сынаған Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко алғашқы кезеңдерде жарыстан шығып қалған.