Қазақстандық теннисші үш айда үшінші титул жеңіп алды
Жібек Құламбаева Сербияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетіп, 2025 жылғы үшінші титулын иемденді.
Instagram/@kulambaevaa
Сербиядағы сенімді жеңіс
WTA рейтингінде 306-орында тұрған Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) қаласында ITF санатындағы турнирде топ жарды. Ол финалда жергілікті теннисші, рейтингте 751-орында тұрған Драганья Вуковичті екі сетте жеңді — 6:4, 7:6. Тартысты матч 2 сағат 1 минутқа созылды.
Үшінші титул — биылғы маусымдағы жарқын жетістік
Бұл — Жібек Құламбаеваның 2025 жылғы үшінші жеңісі. Бұған дейін ол жұптық сында екі рет чемпион атанған еді:
- сәуірде Мадрид (Испания) қаласында өткен турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды;
- мамырда Германияның Висбаден қаласындағы турнирде де қарсыластарына дес бермей, тағы бір титул еншіледі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
