
WTA рейтингінде 33-орында тұрған Қазақстанның жетекші теннисшілерінің бірі Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында сүрінді.
Путинцева америкалық Аманда Анисимовамен (WTA №12) кездесіп, екі сетте де 0:6 есебімен жеңілді. Мұндай нәтижені теннистегі "баранка" деп атайды және бұл теннисшінің толық үстемдіктен айрылуын білдіретін қорытынды.
Жанкүйерлер үшін бұл ойын "ұятты нәтиже" деп бағаланғанымен турнир ұйымдастырушылары Путинцеваға қатысқаны үшін 77 220 еуро және 10 рейтингтік ұпай береді.
Биылғы Уимблдон турнирінің жалпы жүлде қоры — 22 714 380 еуро. Ойындардың жеңімпазы 3 510 000 еуро табыс пен 2000 WTA ұпайын иеленеді.
Қазіргі уақытта Уимблонның титул иесі — чехиялық теннисші Барбора Крейчикова (WTA №16). Ол былтыр финалда италиялық Жасмин Паолиниді (№5) жеңіп сенсация жасаған.