
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласындағы ATP турнирінің финалында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.
ATP рейтингінде 34-орында тұрған Александр Бублик финалда аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен (ATP №109) кортқа шықты. Екі сағат тоғыз минутқа созылған матч үш сетке созылып, нәтижесінде Бублик 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша бұл турнир Бублик үшін оңай болмағанымен финалдағы қайсарлық пен тұрақтылық оның кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді.
Гштаад турнирінің барысында Бублик бірнеше мықты қарсыласты жеңіп, финалға жол ашты:
Швейцариядағы Гштаад турнирі — ATP 250 санатына кіретін беделді жарыс. Оның жалпы жүлде қоры — 596 035 еуро. Бұл дода теннисшілер үшін рейтинг пен табыс тұрғысынан маңызды саты болып саналады.