ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Канадада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Монреаль турнирінде қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама алды.

Матч нәтижесі: қарсылас бас тартты

Ширек финалда әлемдік рейтингтің 12-сатысындағы Рыбакина Украина өкілі Марта Костюкпен (WTA №28) кортқа шықты. Бірінші сетте қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1 есебімен жеңсе, екінші сетте есеп 2:1 болған сәтте Костюк ойыннан бас тартты. Осылайша матч Елена Рыбакинаның пайдасына техникалық жеңіспен аяқталды.

Бұған дейінгі қарсыластар

Монреаль турнирінде жартылай финалға дейін Рыбакина келесі теннисшілерді жеңген:

  • Хейли Баптист (WTA №50) – 6:4, 6:3
  • Жаклин Кристиан (WTA №52) – 6:0, 7:6
  • Даяна Ястремская (WTA №35) – 5:7, 6:2, 7:5

Турнир жайлы

Монреальдағы WTA 1000 жарысының жалпы жүлде қоры – 5 152 199 АҚШ долларға тең. Бұл турнирде жеңімпаз 752 275 доллар табыс тауып, 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.