
Әлемнің 25-ракеткасы атанған қазақстандық теннисші Александр Бублик спорттық мансабын аяқтағаннан кейін қайда өмір сүретіні туралы айтты.
“Мансаптан кейін Санкт-Петербургте және біраз уақыт Монакода өмір сүруді жоспарлап отырмын”, — деді 28 жастағы спортшы.
Александр Бублик Ленинград облысында дүниеге келген. Бастапқыда Ресейдің атынан жарыстарға қатысып жүрді. 2016 жылдан бастап Қазақстан туы астында халықаралық ареналарда өнер көрсетіп келеді.
Соңғы 1,5 ай ішінде Бублик мынадай турнирлерде жеңімпаз атанды:
Алайда осыдан кейін ол АҚШ-тағы Цинциннати мен Канададағы Торонтодағы "Мастерс" турнирлеріне қатысудан бас тартты.