Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирде керемет камбэк жасады
Тимофей Скатов (ATP рейтингінде – 308-орын) Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан беделді "Челленджер" турнирінде алғашқы кездесуін сәтті аяқтады.
Қазақстандық спортшының жеңісті жолы
Бірінші айналымда ол Перу елінің өкілі Гонсало Буэноға (220-орын) қарсы кортқа шықты. Алғашқы сетте Скатов 4:6 есебімен ұтылды. Алайда екінші партиядан бастап ойын тізгінін қолына алып, тамаша камбэк жасады – 6:1, 6:1. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды.
Келесі қарсылас
Скатов 1/8 финалда жергілікті теннисші Филиппо Романоға (592-орын) қарсы өнер көрсетеді. Романо алғашқы айналымда отандасы Фаусто Табакконы (763-орын) 6:4, 6:2 есебімен жеңген.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.